Қазақстандықтардың үйіне газ тарту үшін үкімет 89,3 млрд теңге бөлді

0
563

Бұл қаражатқа ірі магистралды газ құбырлары салынады.


Қазақстандықтардың үйіне газ тарту үшін үкімет 89,3 млрд теңге бөлді

ERNUR.KZ. Қазақстанда газдандыру жұмысын жалғастыру үшін биыл қазынадан 89,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 60 пайызы немесе шамамен 12 млн адам газға қол жеткізген.

«Биыл газдандыруды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Үкіметтің іс-қимыл жоспары аясында қосымша 105,4 млрд теңге бөлінді, бұл үш жүз мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1700 километрден астам газ желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді», деді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Соның ішінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісі (2,7 трлн теңге), «Ақтөбе – Қостанай» магистральдық газ құбыры (548 млрд теңге), «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры (131,7 млрд теңге) салынады.