Қазақстандықтарға бейсенбі, жұма алкоголь мен газды сусыннан бас тарту ұсынылды

0
656

Қазақстандықтарға қатты магнит дауылы болатыны ескертілді.


Қазақстандықтарға бейсенбі, жұма алкоголь мен газды сусыннан бас тарту ұсынылды

ERNUR.KZ. 8 және 9 желтоқсанда ауа-райының сезімталдығына бейім тұрғындар өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Оның себебі - Күн бетіндегі алаулардан туындайтын күшті магнит дауылы болады. Бейсенбіде магнитті ауытқулар 4 баллға жетеді, деп жазады zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, желтоқсанда магнит дауылдарын алдын ала болжау қиын. Ол тосыннан соққы береді.

Геомагнит соққылары кезінде денеңізді жақсы сезінуге көмектесу үшін сізге керек:

дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекті қабылдау;

мазасыздықпен уақытылы күресу;

өмір сүру сапасын жақсарту;

көп су ішу;

табиғи өнімдерді тұтыну;

тек жоғары сапалы өнімдерді дайындау;

көп демалу;

физикалық және моральдық күйзелістен арылу;

алкоголь мен газды сусыннан бас тарту;

желдетілетін бөлмеде жұмыс істеу және демалу;

бөтен адамдар көп жерлерден аулақ болу;

жаман әдеттермен күресу және жақсы әдеттерді сіңіру;

таңғы ас ішіп, жаттығу жасау;

әлеуметтік желілерді аз пайдалану;

теледидардан жағымсыз жаңалықтарды көрмеу;

физикалық белсенділікті сақтау;

транспорттан бас тарту, жаяу жүру;

8 сағат ұйықтау;

қан қысымын бақылау.

Бұған дейін 8 желтоқсанда бірден үш астрономиялық жағдай болатыны хабарланған еді: айдың толуы, Марстың қарсы тұруы және оның айды толық көлеңкелеуі. Белгілі болғандай, Марстың мұндай қарсылығы екі жылда бір рет қана болады.