Қазақстанға 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын вакцинациялау ұсынылды

0
246

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі фертилдік жастағы әйелдердің өлімінің екінші себебі екенін атап өтті.


Қазақстанға 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын вакцинациялау ұсынылды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай Қазақстанда 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын жатыр мойны обырына қарсы вакцинациямен қамтуды ұсынады. Бұл туралы халықаралық ұйымның еліміздегі ресми өкілі доктор Скендер Сыла мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Біздің Қазақстан Үкіметімен бірлескен міндетіміз – жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауға барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету. ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл оңай шаруа емес. Бірақ, бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ", - деді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі фертилдік жастағы әйелдердің өлімінің екінші себебі екенін атап өтті.