Бұған атмосфералық фронттардың өтуі және биіктік ойпаңның әсері себеп.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 2026 жылғы 18–20 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады zakon.kz.
Қазгидромет РМК мәліметінше, ел аумағында алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады. Бұған атмосфералық фронттардың өтуі және биіктік ойпаңның әсері себеп.
Бірқатар өңірлерде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталық бөлігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, бұршақ түсіп, жел күшеюі ықтимал.
Сонымен қатар, 19–20 маусым күндері республика батысында ауа температурасы қатты көтеріліп, +40…+43°C дейін аптап ыстық болады.
"Елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматы, Астана және Шымкент қалаларында 17–19 маусым аралығында күтілетін ауа райы туралы да болжам жасаған болатын.


