Қазақстаннан 170 миллион теңгеге қара металл контрабандалық жолмен шығарылған

0
272

​Ішкі істер министрлігі Қазақстаннан қара металды контрабандалық жолмен шығару бойынша бірнеше қылмыстық схеманы анықтады.


Қазақстаннан 170 миллион теңгеге қара металл контрабандалық жолмен шығарылған

Мыңдаған тонна сынықтар мен миллиондаған теңге тұратын қара металдар пойыздар мен кемелер арқылы шетелге жөнелтілген, деп жазады Stan.kz.



Қазақстанның өңірлерінде дайын өнім мен шикізат түрінде металды заңсыз экспорттау жолға қойылған.

"Солтүстік Қазақстан облысында ЖШС басшыларының бірі шетелге "жоғары легирленген болат" түрінде қара металды пойызбен жөнелтуді ұйымдастырған заңсыз әрекеті тоқтатылды. Тыйым салу кезеңінде компания елден 1,5 мың тоннадан астам сынықты жалпы сомасы 170 миллион теңгеден астам қара металды шығарған", – деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуаныш Алпыс.

Металл базасында жүргізілген тінту барысында салмағы шамамен 1 мың тонна қара металл сынықтары табылды. Бұдан бөлек шетелге жөнелтуге дайындалған жеті вагон анықталды.

Ұқсас схема Маңғыстау облысында жойылды. Компаниялардың бірі қара металды Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы жөнелтумен айналысқан. Өткен жылы бұл компания елден 400 тоннадан астам металды шығарған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2024 жылғы тамызда қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ пайдаланылған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды теміржол көлігімен Қазақстан аумағынан шығаруға уақытша 6 айға тыйым салды.