Қазақстаннан өзбек студенттері неге жаппай кетіп жатыр - ҚР СІМ жауабы

0
1 540

Өзбекстан жоғары оқу орындарында өз азаматтары үшін квота мен гранттардың санын көбейтті.


Қазақстаннан өзбек студенттері неге жаппай кетіп жатыр - ҚР СІМ жауабы

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі өзбек студенттерінің елден жаппай кетуінің себебін атады, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін шетелдік БАҚ өзбек билігі Орталық Азияда жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерін кері елге қайтуға үндегенін хабарлаған.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл - білім беру жүйесіндегі реформамен байланысты қабылданған шешім.

"Бізге өзбек тарапынан ресми хабарлама келіп түсті. Өзбек студенттерін қайта еліне шақырту көрші республикадағы білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформаға байланысты. Қазір Өзбекстан шетелде, негізінен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда оқып жатқан барлық жастары үшін өз елінде білімін жалғастыруға жағдай жасап, оларды кері шақырып жатыр. Өзбекстан жоғары оқу орындарында өз азаматтары үшін квота мен гранттардың санын көбейтті", - деді ол.