Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында ақшалай аударымдар жүйесі (ААЖ) арқылы Қазақстаннан сыртқа жеке тұлғалар арқылы 451,9 млрд теңге жолданған.
ERNUR.KZ. Сыртқа жылыстаған ақшаның үштен екі бөлігі Өзбекстан, Ресей мен Түркияға аударылған, деп жазады inbusiness.kz.
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында ақшалай аударымдар жүйесі (ААЖ) арқылы Қазақстаннан сыртқа жеке тұлғалар арқылы 451,9 млрд теңге жолданған. Бұл – 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіштен қарағанда 43,6% көп сома. Аталмыш соманың өзі рекорд екенін және бұл өсім 2015 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отырғанын да атап өту керек.
2021 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында елге кірген ақшадан шыққан ақша 3,3 есе көп болған. «ААЖ арқылы шетелге ақша аудару көлемі жағынан Өзбекстан Түркия мен РФ-дан озып кетті (114 млрд доллар – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 80,2% көп).
Одан кейінгі орындарда Түркия (96,2 млрд тг) мен Ресей (93,3 млрд тг) тұр. Ақшаның біршама бөліг сонымен қатар Қырғыз Республикасына (76 млрд тг) және Қытайға (15,4 млрд тг) кеткен.
Ал сырттан әкелінген қаржы жағынан әлі де Ресей көш басында тұр: 28,6 млрд тг. Әйтсе де бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 19,3% аз. Одан кейінгі орында Өзбекстан (22,6 млрд тг, +72,4%) мен Оңтүстік Корея (-20,1%, 20,9 млрд тг) тұр», – делінген зерттеуде.