Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы ауысты

0
363

Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған.


Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы ауысты

ERNUR.KZ. Қазақстанның Қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына жаңа басшы тағайындалды, деп жазады stan.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Борамбаев Қазақстанның Қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Ал Сәкен Бекжанов Қазақстанның Қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Серік Жақсығалиұлы Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесі, Әскери университет жанындағы адъюнктурасы мен Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарында оқыған.

Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әртүрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.