Қазақстанның батысында аптап ыстық болады

0
502

Ал жалпы Қазақстанда ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді.


Қазақстанның батысында аптап ыстық болады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК 2023 жылғы 13-15 маусымы аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Inbusiness.kz.

Алдағы екі күнге жасалған болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, 14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

"Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралды, тіпті ауа температурасының түнде +5+15°C дейін, күндізгі уақытта +17+25 дейін төмендеуі күтілуде", - делінген хабарламада.

Ал еліміздің батысында 13-14 маусымда күндіз күн өте қатты ысып, +40+41°C дейін жоғарылауы күтілуде.