Қазақстанның батысында ғайыптан көл пайда болды

0
1 411

Жаңа көл бірнеше күн бұрын шөл даланың қақ ортасында пайда болған.


Қазақстанның батысында ғайыптан көл пайда болды

ERNUR.KZ. Атырау облысы Мақат ауданында екі шоқының арасындағы сайда тұщы көл пайда болды, деп жазады sputniknews.kz.

Осы маңдағы жаңа әрі жалғыз тұщы су осыдан бірнеше күн бұрын ғана пайда болыпты. Мамандар әлі судың құрамын тексерген жоқ, бірақ оның тұщы екені анық. Адамдар әзірге өз пайдасына жаратпаса да, төрт түлік мал мен құс біткен табиғаттың "тосынсыйының" рахатын көріп жатыр.

Мамандардың пайымдауынша, көлде кем дегенде 5 мың метр куб су бар. Көлдің қайдан пайда болғаны анықталуы тиіс. Бәлкім, жер астында әжептәуір су қоры болуы мүмкін.

Алайда мамандар әуелі судың химиялық құрамын анықтап, ауыр металл және басқа қоспалардың барын тексереді.Сараптама нәтижелерін жергілікті фермерлер асыға күтіп отыр, олар аяқ асты пайда болған су қорын шаруашылықта пайдалансақ дейді.

Айта кетсек, бұл ауданның 21 елді мекенінде орталық сумен қамту жоқ.