Қазақстанның бес оқушысы Колумбиядағы Халықаралық физика олимпиадасында алтын медаль иеленді.
Фото: оқу-ағарту министрлігі
Қазақстанның бес оқушысы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында алтын медаль иеленді, деп жазады Azattyq Rýhy..
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2026 жылы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында 56-шы Халықаралық физика олимпиадасы өткен.
Оған Қазақстан атынан барған бес оқушы, дәлірек айтсақ, Нұргүл Егенбергенова, Әмірбек Азатбеков, Илияс Қазымбек, Роман Черемнов, Дамир Құрман физика сабағынан алтын медаль иеленген.
«Биыл бұл олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлықтарын сынға салды. Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медаль иеленді», - деп хабарлайды министрлік.
Айта кетерлігі, бұл тарихи жетістікке ұлттық құрама үш жыл бойы жүйелі дайындалған.


