Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды

0
87

Германияның құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамды анықтап, қамауға алған.


Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды

Фото: qamqor.gov.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанның сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Д. ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

ІІМ мәліметінше, Германияның құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамды анықтап, қамауға алған.

Tengrinews.kz дереккөзінің мәліметінше, ұсталған адам - Мақсат Дүйсенов.

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады.


qamqor.gov.kz