Қазақстанның бұрынғы қаржы вице-министрі пара алғаны үшін 4 жылға сотталды

0
713

Сот Руслан Еңсебаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.


Қазақстанның бұрынғы қаржы вице-министрі пара алғаны үшін 4 жылға сотталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қазақстанның бұрынғы қаржы вице-министрі 39 жастағы Руслан Еңсебаев соттың үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады kaz.nur.kz.

2020 жылдың соңында бұрынғы вице-министрдің ұсталғаны туралы қауесет тараған болатын. Алайда ақпарат ресми түрде расталмады. Бүгін бұрынғы шенеунікке қатысты сот шешімінің шыққаны белгілі болды.

Сот Руслан Еңсебаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Айта кетейік, бұл - пара алу туралы бап.

Осылайша, бұрынғы шенеунік 4 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.