Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
ERNUR.KZ. Қызылорда мен Қостанай облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды тoday.kz.
"21 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде боран, тұман болады, күндіз оңтүстік-батыс желі 18 метр секундқа жетеді. Дабылды ескертудің орындалу мүмкіндігі – 90-95 пайыз", – делінген хабарламада.
Қызылорда облысында ауа райы күрт нашарлайды.
"21 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Дабылды ескертудің орындалу мүмкіндігі – 90-100 пайыз", – делінген хабарламада.
Қазақстанда 20 қарашаға дейін күн тайғақ болатыны айтылған еді.