Көлік қозғалысы 8 қаңтар күні таңертең ашылады жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. "ҚазАвтожол" ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктердің қозғалысы шектелген аумақтар туралы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Ұлытау облысында сағат 14:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 137-252 шақырымында (Ұлытау кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жол қозғалысының болжамды ашылу уақыты 2025 жылдың 8 ақпанында сағат 07.00.
Қостанай облысында сағат 14:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 252-339 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жол қозғалысының болжамды ашылу уақыты 2025 жылдың 8 ақпанында сағат 07.00.
Компаниядағылар тәуліктің кез келген уақытында 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.