Мамандандырылған ХҚО–лар азаматтарды дүйсенбі күні қабылдайды.
ERNUR.KZ. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының серверлерінде техникалық проблемалар шықты. Осыған байланысты уақытша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары мамандандырылған ХҚО-да туындаған жағдайды жою үшін барлық мүмкіндікті қарастыруда. Алматы қаласының автоХҚО-сынан қызмет алуға тиіс клиенттер оны дүйсенбі күні қолда бар бронь бойынша ресімдей алады»,- деп хабарлады ведомствоның филиалынан.
Дүйсенбі мерекелік демалыс күні болуына қарамастан, мамандандырылған ХҚО–лар азаматтарды қабылдайтын болады.