Алматы педагогикалық институтта шет тілдері мамандығын алып шыққан.
фото: azertag.az
Жандос Асанов Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Жандос Ануарұлы Асанов 1969 жылы туған. Алматы педагогикалық институтта шет тілдері мамандығын алып шыққан. Ағылшын тілі факультетінде оқыған.
Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Пәкістандағы, Ұлыбританиядағы, Австриядағы, Бельгиядағы Елшіліктерінде жұмыс істеген, Президент Әкімшілігі мен ҚР премьер-министрінің кеңсесінде қызмет атқарған.