Дубайдағы қазақстандықтар Бурдж-Халифаның алдындағы алаңға жиналған.
ERNUR.KZ. Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан туының бейнесі әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы (БАӘ) Бурдж-Халифа мұнарасында пайда болды, деп жазады Stan.kz.
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі Дубай көшелерінде түсірілген бейнероликті жариялады.
Дәл осындай видеоны сол уақытта БАӘ-де жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов та бөлісті.
Дубайдағы қазақстандықтар Бурдж-Халифаның алдындағы алаңға сағат 21: 40-та (Нұр-Сұлтан уақытымен) жиналып, шоуды тамашалап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы басты мерекелердің бірін атап өтті.
Еске салайық, республикамыздың Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл Қазақстанның егемен ел атанғанына 29 жыл толды.
Бурдж Халифа - биіктігі 828 метр, әлемдегі ең биік және көп қабатты (163 қабат) ғимарат.