Туды көтеру рәсіміне Нью-Йорк мэрі қатысты.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қазақстанның көк туы Республика күні мерекесіне орай АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында көкке көтерілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Тудың көкке көтеру рәсімінен түсірілген видеоны адвокат Жанна Оразбахова Instagram парақшасының Stories бөлімінде жариялады.
«Қазақстан туы Нью-Йорктегі Уолл-Стритте салтанатты түрде көтерілді. Іс-шараға қала мэрі мен біздің дипломаттар қатысты», - деп жазды адвокат Жанна Оразбахова.
Айта кетейік, Республика күні Президенттің Ұлттық құрылтайдағы бастамасынан кейін қайтадан ұлттық мереке атанып, тойланып келе жатқанына биыл үшінші жыл толды. Осыған дейін мерекенің маңыздылығы туралы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов пікір білдірген болатын.