"Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуға Ұлттық қордан 467,4 миллиард теңге бөлінеді

0
490

Бұл – валюта нарығына біржолғы конверсиялық операцияның әсерін бейтараптандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше шара.


ERNUR.KZ. "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын Ұлттық қорға сатып алу туралы сөз қозғады. Үкімет республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға (ҰҚ) жалпы сомасы 467,4 миллиард теңгеге "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады, деп жазады stan.kz.

"Осы шешімді іске асыру аясында ҰҚ қаражатын басқарушы ретінде Ұлттық банкке (ҚҰБ) Ұлттық қордан шамамен 970 миллион АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады", – делінген хабарламада.

Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін.

"Осыған байланысты Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне ҰҚ активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық банк біржолғы конверсиялық операция жүргізуге ниетті", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша, шілдеден бастап Ұлттық банк 4 ай ішінде 970 миллион АҚШ долларын сатуға кіріседі, айына 243 миллион АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.

Бұл – валюта нарығына біржолғы конверсиялық операцияның әсерін бейтараптандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше шара.