"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдарға абонементті қалай рәсімдеуге болатынын түсіндірді

0
416

Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.


ERNUR.KZ. "ҚазАвтоЖол" ақылы жолдармен жүруге айлық және жылдық абонементті қалай рәсімдеуге болатынын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

Ол үшін көлік құралы ақылы жолдардың учаскесіне қарасты аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.
Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.

Абонементтердің құны:

1. Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):
Жеңіл көліктер үшін – қарастырылмаған;
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 2 АЕК (7384 теңге);
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 4 АЕК (14 768 теңге);
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін – 6 АЕК (22 152 теңге);
Жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 8 АЕК (29 536 теңге);
Жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін – 10 АЕК (36 920 теңге).
2. Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):
Жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК (3692 теңге);
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 20 АЕК (73 840 теңге);
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 40 АЕК (147 680 теңге);
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін – 60 АЕК (221 520 теңге);
Жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 80 АЕК (295 360 теңге);
Жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін – 100 АЕК (369 200 теңге).

Абонементті рәсімдеу жолдары:

1. 1403 байланыс орталығы арқылы
таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.
2. Кaztoll.kz сайты арқылы
Кaztoll.kz сайтына тіркелу;
Көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру;
"Абонементті рәсімдеу" бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық).
3. Ақы төлеу пункттері (АТП) немесе клиеттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы (КЖО)
АТП немесе КЖО операторларына хабарласу
Абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеу (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы).