Жанжал күшейіп, соңында балағат сөздер айтылады.
ERNUR.KZ. Қазнетте пабликтердің бірі жариялаған видео резонанс тудырды. Кадрларда ер адам мен жолаушылар арасында жанжал туғаны көрінеді, деп жазады tengrinews.kz.
Кадрлардан жанжал ер адам әйелдерден ақырын сөйлеуді өтінген соң туындағаны байқалады. Бірақ жолаушылар оған келіспеген, өйткені олар "оны жалдағанын" айтқаны естіледі.
Жанжал күшейіп, соңында балағат сөздер айтылады. Бір кезде такси жүргізушісі шыдамай, көлікті тоқтатып, жолаушылардан көліктен түсуді сұрайды. Осыдан кейін ол шығып, әйелдің бетіне газ баллонын бүркіп жібереді.
Бұл ретте пікірлер екіге бөлінген. Біреулер такси жүргізушісі дұрыс істемегенін айтса, енді біреулер ер адамды жолаушылардың өзі ашуландырды деп есептейді.
Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол жауапкершілікке тартылады", - деді ведомстводағылар.