Бұл компанияның ЕО-дағы алғашқы өкілдігі.
фото: Предоставлено АО "КазТрансОйл"
ERNUR.KZ. "ҚазТрансОйл" Польшада филиал ашылатынын хабарлады. Бұл компанияның Еуропалық Одақ аумағындағы алғашқы өкілдігі болады, деп жазады sputnik.kz.
"Филиалдың ашылуы Польшадағы "ҚазТрансОйл" мүдделерін қорғауға және Беларусь Республикасының аумағы арқылы транзитті қоса алғанда, басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдауды ұйымдастыруға маңызды рөл атқарады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Еуропа елдеріне жеткізу барысында "Адамова Застава" пунктінде қазақстандық мұнайды қабылдау және тапсыру кезінде есептік операцияларды жүргізуге бағытталмақ.
Жоба қазақстандық мұнайды Германияға тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңызға ие, деп жазды "ҚазТрансОйл".


