Қазір бұл тексерулердің аясында сот процестері жүріп жатыр.
Фото: pixabay
- Бізде үш ірі ұялы оператор бар екенін білесіздер. Олар: KCell, Tele2, Beeline. Олардың нарықта 30-40 пайыз көлемінде үлесі бар. Былтыр Tele2 шетелдік инвесторларға сатылған болатын. Қазір жаңа ойыншы нарыққа қандай өзгеріс әкелетінін бақылап отырмыз. Бірақ кейінгі бірнеше жылда тұтынушылардан шағым өте көп түсіп жатыр. Нарыққа талдау жасаған кезде тарифтер өсіп келе жатқанын көріп жүрміз. Кейінгі екі жылда байланыс операторларының бәрі тарифті өсірген. Қазір сөз байласу күдігі бойынша тексеру жүргізіп жатырмыз. Олардың бір уақытта тарифті айтарлықтай өсіргенін байқадық. Монополияға қарсы салада мұны сөз байласу деп атайды, - деді агенттік төрағасының орынбасары БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауапта.