Kcell жыл соңына дейін Қазақтелеком құрамынан шығарылады

0
925

Бұған дейін министр Kcell-дің интернет сапасына қатысты пікір білдірген еді.


Kcell жыл соңына дейін Қазақтелеком құрамынан шығарылады

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін Kcell «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы құрамынан шығарылатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Kcell-ді шығару бойынша дедлайн қандай? Бір жағынан 5G болмаған кезде оны ешкім сатып алмады, тиімсіз еді. Қазір бағасы арта түседі», - деп сұрады БАҚ өкілі министрден.

«Мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның алдына қандай мерзім қойсам да, қызығушылық танытқан ойыншының баға мен сатып алынатын активтің сәйкестігін тексеру рәсімінсіз «Самұрық-Қазына» due diligence бойынша жұмыс жүргізбейді. Біз Үкіметтің атынан жыл соңына дейін операторлардың бірін «Қазақтелекомның» құрамынан шығару туралы міндет қойдық. «Самұрық-Қазына»-ның ақпараты бойынша, қазір екі қызығушылық танытқан ойыншы due diligence рәсімінен өтіп жатыр. Қазір біз олардың кім екенін айта алмаймыз», - деді Бағдат Мусин бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Бұған дейін министр Kcell-дің интернет сапасына қатысты пікір білдірген еді.