Келесі айдан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

0
112

Бұйрық 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Келесі айдан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

фото: Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Биыл 1 ақпаннан бастап Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді бекітуге ниетті, деп жазады sputnik.kz.
Бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге (3 цент) өсуі мүмкін. Ведомство бұйрықты "Ашық НҚА" порталына орналастырды. Сондай-ақ министрлік энергия өндіруші 36 ұйым 1 ақпаннан бастап электр энергиясының шекті тарифін түзетуге өтінім бергенін хабарлады.
Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат - өндірістік мамандардың жалақысын арттыру. Былтыр орташа жалақы 18%-ке артып, 425 мың теңге болды. Ал биыл 15-20%-ке ұлғайту жоспарлануда, бұл орайда жалақы орташа есеппен 490 мың теңгеге көтеріледі.
"Энергетика секторында білікті маман тапшы. Энергетика кәсіпорындарында 4,5 мың маман жетіспейді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің нақты саны 52,5 мың адам болды. Жалақыны ұлғайту саладағы мамандарды тартуға және ұстап қалуға бағытталған", - деп хабарлады энергетика министрлігі.
Сонымен қатар отын сатып алу және көмір мен газды тасымалдау шығындары артты. Тарифті түзетуге әсер ететін факторлар: жөндеу науқаны, энергия өндіруші объектілердің, оның ішінде металдың қымбаттауы. Объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне қажетті материалдар мен жабдықтар және тасымалдау құны өскен.
"Қазіргі уақытта энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдері қарау сатысында тұр. Барлық ұсыныс тұтынушылардың мүдделері мен саланың тұрақты дамуы арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін мұқият талданады", - деп атап өтті энергетика министрлігі.
Айта кетері, бұйрық 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.