Келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстарды міндетті түрде қарастырамыз – Көлгінов

0
981

Елорда әкімі «Facebook» әлеуметтік желісіне тіркелді.


Келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстарды міндетті түрде қарастырамыз – Көлгінов

ERNUR.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов елорда жұртын бірлесе жұмыс жасап, ашық диалог орнатуға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Құрметті достар! «Twitter» және «Instagram»-нан бөлек, қолданушысы көп «Facebook» әлеуметтік желісінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым. Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер – тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз», - деп жазды қала басшысы жаңадан ашқан «Facebook» парақшасында.

Оның айтуынша, ендігі уақытта елорда халқы әлеуметтік желілер арқылы әкіммен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие.

«Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстарды міндетті түрде қарастырамыз. Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Қаламызды жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық», - деді ол.

Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.