Кения Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

0
60

Кения басшысын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қарсы алды.


Кения Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.