Кентауда қызық үшін камераларды таспен атып сындырғандар ұсталды

0
1 030

Күдіктінің 3-еуі де жергілікті тұрғын, жас жігіттер болып шықты.


Кентауда қызық үшін камераларды таспен атып сындырғандар ұсталды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Түркістан облысы полицейлері қызық үшін жол қозғалысын бақылайтын камераларды сындырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласы Полиция бөліміне қалаға қарасты Жаңа Иқан ауылының әкімінен арыз келіп түседі. Онда Шымкент көшесімен Жаңа Иқан көшелерінің қиылысында орналасқан әкімшіктің балансындағы жалпы құны 1 500 000 теңгені құрайтын 3 дана жол қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камераларын белгісіз азаматтар сындырып кеткені көрсетілген.
Аталған жайт бойынша Кентау ҚПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру " бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осындай бұзақылықтарды жасаған күдіктілерді ұстау мақсатында Кентау ҚПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Шұғыл әрекет етті. Нәтижесінде күдіктілердің жеке-бастары анықталды. Күдіктінің 3-еуі де жергілікті тұрғын, жас жігіттер болып шықты. Тергеу барысында күдіктілер қызық көру мақсатында, камераларды таспен атып сындырғандары белгілі болды. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындаған. Күдіктілердің басшарасы "қолхатта".
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.