Ота шамамен төрт сағатқа созылып, сәтті аяқталған.
Фото: Facebook Сәкен Майғазиев
ERNUR.KZ. “МузАРТ” тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтың жүрегіне ота жасалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында жатыр. Мұны топ мүшесі Сәкен Майғазие желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтың денсаулығы күрт нашарлағаны хабарланған еді. Кейін әншіге кардиологиялық орталықта хирургиялық ем жасалған. Ота шамамен төрт сағатқа созылып, сәтті аяқталған.
“Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, төрт сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла Тағала шипа берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.


