Бір апта бұрын Алматыда белгілі заңгер соққыға жығылғаны хабарланған болатын.
ERNUR.KZ. Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылмен төбелесте жарақат алған заңгерлермен кездесті, деп жазады tengrinews.kz.
"Жақында іс әскери полицияға берілді. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін тергеуші қоңырау шалды. Біз оларға баратын болып келістік. Әзірге жаңалық жоқ. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр.
Біз құқық бұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Біз өз кезегімізде ұлын кешірмегенімізді айттық. Ол заң алдында жауап беруі керек. Ал іс баршаға сабақ болуы керек", - деді Чернова.
Еске салайық, бір апта бұрын Алматыда белгілі заңгер соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Оқиға туралы жәбірленуші Олег Черновтың әйелі, заңгер Анна Димитриевич айтты. Ол да сол жерде болған және жарақат алған.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған болатын.