15 жастағы жасөспірім кеуде және іш тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қызылордада мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалған. Дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
15 жастағы жасөспірім кеуде және іш тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Балаға операрция жасалған.
"Қазір жасөспірімнің өміріне қауіп жоқ, ол хирургия бөліміне ауыстырылды. Пациентке барлық қажетті ем көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық аурухананың дәрігерлері.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") тергеу басталғанын мәлімдеді.
\"Қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істі дұрыс шешу мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады өңірлік полиция.
Мектеп оқушысы қалай пышақталғаны және күдіктілердің анықталған-анықталмағаны туралы ақпарат берілмеді.