Халық санағына мемлекет қазынасынан 8,2 млрд бөлінген

0
396

Санақ жүргізушілер міндетті түрде коронавирусқа қарсы егілген болуы тиіс.


Халық санағына мемлекет қазынасынан 8,2 млрд бөлінген

ERNUR.KZ. Қазақстанда халық санағының бірінші кезеңі басталды, деп жазады 24.kz.

Елордада 324 санақ қызметкері тұрғын үйлердің санын нақтылауға кіріскен. Бұл жұмыс маусым айының соңына дейін жалғасады. Осылайша, халық санағының негізгі кезеңінде мекенжайлардың нақты тізімі жасақталмақ. Санақ жүргізушілер міндетті түрде коронавирусқа қарсы егілген болуы тиіс. Жалпы, тиісті тренингтен өткен санақ жүргізушілерге бірінші кезеңде 83 мың, екінші кезеңде 104 мың теңге төленеді.

Сондай-ақ бақылау жүргізетін нұсқаушыларға 125 мың теңге көлемінде жалақы қарастырылған. Ұлттық науқанға мемлекет қазынасынан 8,2 млрд бөлінген. Биыл тұңғыш рет халық санағына онлайн қатысуға мүмкіндік берілген. Ол үшін 1-15 қыркүйек аралығында sanaq.gov.kz сайты тәулігіне жиырма төрт сағат бойы қызмет көрсетпек.

Сонымен бірге, азаматтар электронды үкімет порталы арқылы сауалнамаға қатыса алады. Санақ қызметкерлері үй-үйді аралап, дәстүрлі түрде адам санын тіркеуді қазанның 1-нен 31-не дейін жүргізеді. Жаппай халық санағына қатысты сұрақтарды қазақстандықтар «1446» call-орталығына жолдай алады.

"Осы кезекте санаққа барлық қала тұрғындарының белсенді ат салысып, жалтармай, нақты, расталған ақпараттарды беру арқылы осы деректердің расталуына және жиналуына септігін тигізетінін айта кеткім келеді", - Ұлттық статистика бюросының Нұр-сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Жорабек Дәуренов.