Халықаралық іздеуде болған қазақстандық ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды

0
82

Ерлі-зайыпты синтетикалық есірткі өндірумен айналысты деген күдікке ілінген.


Халықаралық іздеуде болған қазақстандық ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктерінің келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмысына қатысты күдіктілер ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Ерлі-зайыпты синтетикалық есірткі өндірумен айналысты деген күдікке ілінген, дейді полицияда.

"Қазақстан ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша Тбилисиде мефедрон өндіруді ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырып, химиктің рөлін атқарған", - дейді министрлікте.

Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түсті.

Тергеу барысында оның Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап бергені анықталды.

Жалпы биылғы наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталды.