Халықаралық валюта қоры Қазақстанға көмектесуге уәде берді

0
662

Смайылов алдағы уақытта Алматыда ХВҚ-ның Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамытудың аймақтық орталығын ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.


Халықаралық валюта қоры Қазақстанға көмектесуге уәде берді

ERNUR.KZ. 6 маусымда Премьер-Министр Әлихан Смайылов ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Николас Бланшпен кездесіп, еліміздің ағымдағы жағдайы мен экономикалық даму перспективаларын талқылады, деп жазады zakon.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар келесі мәселелерді талқылады:

  • ағымдағы жағдай мен республика экономикасының нақты, бюджеттік, қаржылық секторларын дамыту шаралары,
  • Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатының басымдықтары,
  • Мемлекет басшысы жариялаған құрылымдық реформаларды жүргізу,
  • және климаттың өзгеруінің салдарын жою шаралары.

Смайылов алдағы уақытта Алматыда ХВҚ-ның Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамытудың аймақтық орталығын ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Қазақстан мен ХВҚ арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға болатынына сенімдімін", - деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Николас Бланш Қазақстанның экономикалық саясатты, бюджеттік және қаржы секторларын нығайтудағы айтарлықтай жетістіктерін атап өтті.

Ол Халықаралық валюта қоры даму реформаларын жүзеге асыруда Қазақстанға қолдау көрсетуді жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

"Біз стратегиялық серіктестігімізді әртүрлі жолдар мен форматтар арқылы дамытуға дайынбыз, соның ішінде Қазақстандағы әлеуетті дамыту орталығы, бұл сіздің республикаңызға да, бүкіл аймаққа да көмектеседі", - деп атап өтті Николас Бланшет.