Қарапайым халықпен бірге автобуста жүрген Қарағанды әкімі көпті тәнті етті
ERNUR.KZ. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров қарапайым қала тұрғындарымен бірге автобуспен жүріп, көпті сүйсінтті. Автобуста өздерінің әкімдерін қала тұрғындары бірден таныпты, деп жазады kyn.kz.
Қала әкімдігі де аталған жайтты растап отыр. Олар әкім таңғы сағат 8-де Сортировкадан шығып, бір жарым сағаттан кейін «Оңтүстік-шығыс автобекетінен» түскенін айтқан.
Кейін анықталғандай, қала әкімі қолданысқа беріліп жатқан жаңа автобусты тексерген екен.
Айта кетерлігі, аталмыш маршрут қазан айының 1-інен бастап Сортировка Майқұдық арасында жүреді екен. Шаһар басшысы Нұрлан Әубәкіровке аталмыш бағытта автобуспен жүруді облыс әкімі Ерлан Қошановтың өзі тапсырған екен.