Хан-Шатырда суға тұншыққан қыздың анасының хаты жарияланды

0
1 676


Хан-Шатырда суға тұншыққан қыздың анасының хаты жарияланды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде "Хан-Шатыр" сауда орталығында суға батып кеткен қыздың анасының хаты жарияланды. Онда бала ересектердің немғұрайдылығынан қайтыс болғаны айтылған, деп kaz.nur.kz.

Әйел адамның сөзінше, балаларға қарау тиіс адамдар селфи түсіріп, What'sApp-та отырған.

Хат Instagram-ғы zhaloby_astana паблигінде жарияланып, астына "қайтыс болған қыздың анасы" деп жазылған.

"2019 жылдың үшінші маусымында қызым Ажардан айрылдым. Хан-Шатырдағы жағажайда суға батып кетті. Қызым сегіз жаста еді. Бірінші сыныпты бітірді. Оның қайтыс болғанына ересектер кінәлі. Олар селфи жасамай, балаларға қарауға тиіс еді! Шындығында не болғанын ешкім жазбай, айтпай жатыр. Не болғанын маған сіңлісі айтып берді. Ол жақын маңда болып, Ажардың шалынып құлағанын көрген. Құлағанда қызым басын соғып, есінен танып, суға құлаған. Сонда ұзақ уақыт жатып қалған. Сіңлісі топ жетекшілерін шақырмақ болған, бірақ олар алыста болғандықтан естімеген", - деп жазылған хатта.

Автордың сөзінше, сүйекке түскенде ол және тағы үш куәгер қыздың маңдайынан үлкен ісікті байқаған.

Бұл хатты жазуға ананы БАҚ-ғы мектеп басшылығының айтқан сөздері итермелеген.

"Қызымның үлгерімі нашар екендігі, ұстамасы бары жазылған, бірақ сол бойда денсаулық картасының таза болғанын жазады", - дейді ол.

"Сіңлісі әпкесінің жоғалып көрінбей кеткеніне мән бермеген деп жазып жатыр! Адамдар! Бала көмек сұраған, әлі күнге дейін өзін кінәлап жүр! Лагерьге баруға мәжбүрлемегендерін жазып жатыр. Тіпті мені райымнан қайтармақ болған екен. Қуанышқа орай хат алмасуларымыздың бәрі сақталған. Қазақ тілді сыныпта оқи алмай, қайтадан бірінші сыныпқа алуды жалынып сұрағанымды жазуда. Тұрып жатқан пәтеріміз туралы жазып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, өлімнің себебінен басқаның бәрін жазып жатыр. Бізді жамандап, кінәрат іздегеннен гөрі, балапанымның өліміне кінәлілерді неге жазаламайды?", деп жазылған хатта.

Ананың сөзінше, баласының өліміне қайғырғанның орнына, жүгіріп шындықты дәлелдеуге мәжбүр, тіпті эксгумация жасауға дайын екен.

"Қызымның намысы үшін, діни қағидаларға қайшы келсе де, дәлелдеу үшін эксгумация жасатамыз! Ол аздай сіңлісі психологиялық соққы алғандықтан, психологтарға баруға мәжбүрміз.
Ересектер Айжанның көз алдында әпкесінің қаза болғанын ескермеген. Екі сағат бойы шешінетін бөлмеде су шомылу киімінде ұстап, шкафтың соңғы үш санын еске түсіруге мәжбүрлеген.
Бірақ мен әрқайсысының сөмкесіне орамал салып бергенмін. Бірақ біздікін таппаған. Баланы басқа орамалға орауға болар еді. Отбасым туралы жаман нәрсе жазуға, тіпті ойлауға жол бермеймін!", - делінген хатта.

Еске сала кетейік, Хан-Шатыр сауда орталығындағы жасанды жағажайда бірінші сынып оқушысы суға батып кетті. Сауда орталығының әкімшілігі қыз баланың жағдайы хауызда тым нашарлағанын мәлімдеген еді.

Оқушы қыз көпбалалы отбасынан шыққан. Хауызға мектеп жанындағы лагерьмен және сіңлісімен бірге барған. Балалармен бірге топ жетекшілері мен ата-аналар болған.

ІІМ Тұрғымбаев бұл оқиға министрліктің бақылауында екенін хабарлады. Тергеу жүргізіліп жатыр.