3 желтоқсанда қонуы тиіс «Союз МС-10» ғарыш кемесінің апат салдарынан қайту мерзімі кейінге шегерілген болатын.
ERNUR.KZ. «Союз МС-09» басқарылатын көлік кемесінің (БКК) экипажы белгіленген Жерге сәтті қонды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бортында ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, еуропалық астронавт Александер Герст (ESA) пен америкалық астронавт Серена Ауньон-Ченселлор (NASA) бар капсула белгіленген уақытта, Астана уақытымен 2018 жылдың 20 қазанынан 11 сағат 03 минутта Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерге сәтте қонды.
«Союз МС-09» КБК экипажы Жерге оралуының тікелей трансляциясы Ұшуды басқару орталығынан (ҰБО) жүргізілді.
«Сағат 11:02-де қонды, күннің бұлттануы салдарынан құрылғының қонғанын анық көру мүмкін болмады», – деді ҰБО комментаторы.
Айта кетейік, «Союз МС-09» кемесінде ақау болып, экипаж жерге оралған еді. Бірақ бұл оған қауіпті болмаған. Еске салайық, бұл экипаж халықаралық ғарыш стансасында 2018 жылдың 6 маусымынан бері жұмыс істеп жатыр және 3 желтоқсанда экспедицияны аяқтауы тиіс еді. Бірақ «Союз МС-10» ғарыш кемесін ұшыру кезіндегі апат салдарынан оның қайту мерзімі кейінге шегерілген болатын.