Хромтауда балалар алаңының жанында дәрет сындырғандар тұрғындардан кешірім сұрады

0
115

Хромтау аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары аталған азаматтардың жеке басын анықтады


Хромтауда балалар алаңының жанында дәрет сындырғандар тұрғындардан кешірім сұрады

фото:Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Хромтауда балалар алаңының жанында дәрет сындырған ер адамдар тұрғындардан кешірім сұрады, деп жазады sputnik.kz.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орында екі азаматтың табиғи қажеттілігін өтеп жатқан бейнежазбасы анықтаған.
Хромтау аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары аталған азаматтардың жеке басын анықтады.
"Азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді", - дейді полицейлер.
Олар өз қателіктерін түсініп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдіріп, тұрғындардан кешірім сұрады.
Аталған азаматтарға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.