"Кім не айтса да, бәрібір": үш әйелін көрсеткен алматылық жауапқа тартылды

0
122

Оған 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.


фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Алматыда хиджаб киген үш келіншекпен видео түсірген ер адам жауапқа тартылды, деп жазады sputnik.kz.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде құқыққа қайшы контентті анықтады.
"Авторы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ моральдық-адамгершілік құндылықтарға қайшы өмір салтын ашық түрде насихаттаған. Оның жеке басы анықталды", - дейді полицейлер.
Үш әйелім бар деп мақтанған ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы, 3-1-бөлігі (құқыққа қайшы контентті орналастыру) бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Ал профилактикалық әңгімелесуден кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған материалдарды өз еркімен өшіріп тастады.
Айта кетері, Бақытжан есімді қала тұрғыны өз парақшасында хиджаб киген үш келіншекпен фотоға түскен сәттерін жариялады. Дүкенге бірге барған видеосын да салыпты. Ал оны сынаған адамдарға арнап тағы бір видеоны жазып: "Бізге кім не айтса да, бәрібір", - деген. Полиция дәл сол видеоны өшіріп тастауды талап еткен.