Қоғам белсендісі Макс Боқаев бостандыққа шықты

0
2 515

Белсендіні оннан астам адам күтіп алды.


Қоғам белсендісі Макс Боқаев бостандыққа шықты

ERNUR.KZ. Бес жылға жуық абақтыда отырған жер мәселесін көтерген белсенді Макс Боқаев бостандыққа шықты, деп жазады Stan.kz.

Боқаев Атырау облысында орналасқан УГ-157/9 колониясынан босап шықты. Белсендіні оннан астам адам күтіп алды.

Айта кетейік, Макс Боқаев пен Талғат Аян 2016 жылы халық арасында жанжал туғызды, жалған ақпарат таратты және заңсыз митинг ұйымдастырды деп айыпталып бес жылға сотталған болатын. 2019 жылдың 29 шілдесінде Талғат Аянның түрмеден шыққаны айтылған еді.

"Биыл жаңадан сайлау өткізу керек. Бұл сайлауды ұйымдастыруға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ат салыссын. Бізге жаңа Конституция, жаңа реформалар керек. Мұны халық талап етсін", - деді Боқаев.