Көкшетау қаласының күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған 15 жасар оқушы боп шықты

0
414

Енді ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Көкшетау қаласының күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған 15 жасар оқушы боп шықты

иллюстрациялық фото

Ақмола облыстық соты мен жергілікті ақпарат порталының редакциясына бомба қойылды деп, Көкшетау қаласының күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған адам 15 жастағы оқушы болып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Өзі Батыс Қазақстанда тұрады екен. Енді ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеушілердің айтуынша, сегізінші сынып оқушысы облыстық соттың хатшысы мен жаңалықтар порталының редакторына әкімшілік ғимараттарға бомба қойылғанын жазған. Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Саперлар мен кинологтар ғимаратты екі сағат тексеріп, бірақ қауіпті ештеңе таппады.

Жасөспірімнен электронды поштаға хат жіберген компьютері тәркіленді. Қазір ол кепілде. Полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
"Қазір құқық қорғау органдары "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша соталды тергеуді бастады. Бұл бапқа сәйкес, 14 жастан бастап қылмыстық жаза қарастырылған, яғни жалған хабарлама авторы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция қазір оның бұл әрекетке не үшін, қандай жағдайда барғанын анықтап жатыр", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.