Белгіленген орынға баланың орнына «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері барған.
Фото: inform.kz.
ERNUR.KZ. Көкшетауда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері кәмелетке толмаған қызбен кездесуге әрекеттенді деген күдікке ілінген ер адамды анықтады, деп жазады inform.kz.
Ұйымның мәліметінше, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін тексеру мақсатында белсенділер 12 жастағы қыздың жалған парақшасын ашқан.
Көп ұзамай әлеуметтік желі қолданушыларының бірі хат жазып, әңгімені орынсыз арнаға бұрған. Баланың жасы бірнеше рет айтылғанына қарамастан, ол байланысын жалғастырған.
«Әлеуетті педофил жыныстық сипаттағы материалдарды және өзінің интимдік суреттерін жіберіп, қызды да сондай әрекет жасауға итермелеуге тырысқан. Кейін кәмелетке толмаған баламен кездесуді жоспарлап, пәтер жалдаған», – делінген хабарламада.
Белгіленген орынға баланың орнына «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері барған. Олардың айтуынша, күдікті ретінде 2001 жылы туған Шансанхан Бейбарыс анықталған.
«Баланың сенімін пайдалануға тырысатын адамдар олардың әрекеті қоғам назарынан тыс қалмайтынын түсінуі керек», – деді «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Жаннұр Бектұрғанова.
Ұйым өкілдері жиналған барлық материалдар құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына тапсырылғанын мәлімдеді.
«124 Азаматтық науқаны ел бойынша әлеуетті қауіптерді анықтап, қоғам назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудару жұмысын жалғастырады. Баланы қорғау ересектердің қырағылығынан, цифрлық ортадағы қауіптер туралы ашық әңгімеден және алаңдатарлық белгілерге бірден әрекет етуден басталады», – деді Жаннұр Бектұрғанова.
Тергеу нәтижелері бойынша ғана азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
Айта кетейік, педофилдікке оқталғандарға қандай жаза қарастырылғанын мынау сілтеме арқылы біле аласыз.


