Көкшетауда бауырларын өрттен құтқарып қалған 8 жастағы қыздың отбасы пәтерге ие болды

0
1 122

Көрімдік ретінде кәсіпкер Борис Козлов қыздың анасына 500 мың теңге, ал Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы 200 мың теңге берген


Көкшетауда бауырларын өрттен құтқарып қалған 8 жастағы қыздың отбасы пәтерге ие болды

ERNUR.KZ. Көкшетауда бір жыл бұрын өмірін қатерге тігіп, үш баланы өрттен құтқарған 8 жастағы Ұлдана Советтің отбасына пәтер берілді, деп жазады Tengrinews.

Қыздың отбасы Красный Яр ауылындағы екі бөлмелі пәтерді жергілікті корпорациялық "Зекет" қоры мен Науан хазрет мешітінің "Ел үлесі - пәтерге" акциясының аясында алды.

Көрімдік ретінде Зеренді ауданының кәсіпкері Борис Козлов қыздың анасына 500 мың теңге, ал Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы 200 мың теңге берді.

Еске сала кетейік, өрт 2017 жылы 9 қарашада болған. Сегіз жастағы Ұлдана Совет екі сіңілсі мен інісін өртеніп жатқан үйден алып шыққан. Үлкен отбасында ешкім зардап шекпеді, бірақ жесір ана алты баламен үйсіз қалды. Осы уақытқа дейін отбасы үй жалдап тұруға мәжбүр болған.

"Мен үшін бұл түс сияқты. Мұның шын екеніне әлі де сене алмаймын. Сыйлық үшін бәріне рахмет айтқым келеді. Науан хазрет мешіті мен "Зекет" қорына айрықша алғысымды білдіремін", - дейді Ұлдананың анасы Айнагүл Еркімбетова.