Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілді.
Фото: видеодан алынған кадр
ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Ақмола облысы Көкшетау қаласында екі қабатты облыстық ғылыми кітапхананың ғимаратында, бірінші қабатында кітаптары бар сөрелер өртке оранды, деп жазады inbusiness.kz.
"Жану жедел түрде 10 ш.м алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", – делінген ТЖМ хабарламасында.