Көкшетауда өртсөндіруші Асқар Забикулинмен қоштасу рәсімі өтті

0
528

20 қарашада өртсөндіруші Асқар Забикулин ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.


Көкшетауда өртсөндіруші Асқар Забикулинмен қоштасу рәсімі өтті

ERNUR.KZ. Өртсөндіруші Асқар Забикулин Ақмола облысында жерленді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Бүгін Ақмола облысында өз өмірін құрбан етіп, азаматтардың өмірін сақтап қалған батырымыз Асқар Забикулинді жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Барлық қажетті, дәстүрге сай, рәсімдер сақталады. Соңғы сапарға шығарып салу рәсімі де Көкшетау қаласының халық көп жиналған орталық мешіті жанында өтті. Таңертең Астана гарнизонынан 150-ге жуық адам шықты. Олардың бәрі соңғы жылдары Асқардың қасында болған әріптестері, барлығы батырдың рухына тағзым ету үшін барды", - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының өкілдері де Ақмола облысында жүргені хабарланды.

"Біз оны соңғы сапарға шығарып салып, қолымыздан келгенше құрмет көрсетіп жатырмыз. Бірақ, әрине, оның тірі қалғаны құнды болар еді", - деді Иманқұлов.

Еске салайық, 20 қарашада өртсөндіруші Асқар Забикулин ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Дәрігерлер бірнеше күн бойы құтқарушының өмірі үшін күресті.