Өрт кезінде пәтерде үш қыз бала болды.
ERNUR.KZ. Көкшетауда өртенген пәтерден құтқарылған үш қыздың екіншісі көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Денесінің 80-ы термиялық күйік алған 2013 жылы туған қыз бала кеше сағат 23:50 көз жұмды», - деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.
Еске салсақ, 13 маусым күні кешке Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданындағы 14/3-үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан еді. Өрт кезінде пәтерде үш қыз бала болды. Оның екеуін көршілері құтқарушылар келгенше сыртқа алып шықты, ал, үшіншісін өрт сөндірушілер құтқарды. Қыздардың 2010 және 2013 жылғы екеуі 3-4 деңгейлі термиялық күйік алған, яғни денесінің 80 және 90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер олардың жағдайы аса ауыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрған айтқан болатын.
Ал, үшінші - 2015 жылғы қыз бала Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілгенше көз жұмды. Оның денесінің 90 пайыздан астамы күйген.