Көкшетаудағы төбелес: Бейнебақылау камерасының арқасында ер адам аман қалды

0
1 248

Төбелес көшенің ортасында болған.


Көкшетаудағы төбелес: Бейнебақылау камерасының арқасында ер адам аман қалды

ERNUR.KZ. Көкшетауда полицейлер бейнебақылау камерасының арқасында ер адамды аман қалып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметі бойынша, бүгінгі күні Көшетау қаласында 130 астан бейнебақылау камерасы орнатылған. 2019 жылдың басынан бері бұл бейнебақылау камераларына 80 астам қылмыс тіркелген. Соның бірі, Абай көшесінің бойында орын алған бұзақылық Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Мамырдың 21-інде Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығының кезекші инспекторы көңіл көтеру орнынан шыққан жастардың өзара жаға ұстасып қалғанын және үшінші жігітке күш қолданғанын байқайды. Төбелес көшенің ортасында болғандықтан жол қозғалысына қатысушы өзге адамдармен бірге қоғамдық тәртіпті бұзушылардың өздерінің өміріне де қауіп төнген. Кезекші инспектордың ақпараты бойынша дереу оқиға орнына «Әскер-2» жол патрульдік экипажы жетті. Полицейлер жедел жәрдем қызметін шақырып, 24 және 25 жастағы күдіктілердің соққысына ұшыраған қаланың 44 жастағы тұрғынына көмек көрсетті. Қазіргі кезде зардап шегуші Ақмола облыстық аурханасына жатқызылды. Ал күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Айта кету керек, ЖБО инспекторларының бейнемониторинг жасап отыруы полицейлерге ауыр қылмыстарды жедел анықтауға және күдіктілерді іздестіруге, көше қылмысымен және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күресуге мүмкіндік береді.