Көктайғақ пен тұман: Синоптиктер алдағы екі тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады

0
2 422

Көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады.


Көктайғақ пен тұман: Синоптиктер алдағы екі тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады

6-8 ақпан аралығында Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында – жаяу бұрқасын болып, ауа райы нашарлайды, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады.

Осы кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады, - делінген хабарламада.