Көлігін сатамын деп 6 млн теңгесінен айырылды

0
2 563

Айлакерер жәбірленушінің есепшотынан қомақты соманы шешіп алған


Көлігін сатамын деп 6 млн теңгесінен айырылды

ERNUR.KZ. Петропавл қаласының тұрғыны ғаламтор алаяқтарының арбауынан 6 млн теңгесінен айырылды, деп жазады 24.kz.

Оқиға былай болған. Белгісіз біреулер оның көлігін сатып аламыз деп, телефон арқылы кепілақы төлейміз деп карточкасының нөмірін сұрайды. Артынан айлакерер жәбірленушінің есепшотынан қомақты соманы шешіп алған.

Бұл ретте полицейлер жедел алдын алу шарасын өткізіп, ақпараттық технологияға қатысты 15 деректің бетін ашты. Тәртіп сақшылары ғаламторлық құйтырқылықпен айналысқан 30 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мадияр Хәріпов, облыстық Полиция департаменті басқармасының жедел уәкілі: - Ол азамат арнайы бағдарлама қолдана отырып, өзі басқа банк есепшоттарынан 1 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін ақша алып отырған.

Қазіргі кезде осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.